Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Шағын кәсіпкерді қолдаудың қайтарымы мол

Наурыз 06 / 2018

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Парламентінің бірлескен палаталарында жария еткен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі барлығымызды да ерекше қуанышқа бөледі.

 

Әсіресе, Мемлекет басшысының шағын несие көлемін ұлғайтып, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту туралы тапсырмасы бұл саланың дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. Өйткені, шағын және орта кәсіпкерлігі өркендеген елдің болашағы жарқын.

Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттердің барлығында да шағын кәсіпкерлік өркен жайған. Осы салаға қолдауды аямау қажеттігі жайлы Президентіміз әрбір сөзінде, жыл сайынғы Жолдауларында талайдан бері айтып жүр. Себебі, елде экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, түрлі қаржылық тұрақсыздықтарға тосқауыл болатын да шағын және орта кәсіпкерлік. Оларға бүгін қаржылай көмек көрсетілсе, ертең оның сөзсіз қайтарымы болады. Шетелдік әлемге танымал небір брендті өнімдер шығаратын компаниялар кезінде бизнес бастамаларын шағын кәсіптен бастағанын естен шығармаған абзал.

Асқар ӘБУБӘКІРОВ, ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ