Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Бұл – үлкен жеңілдік!

Наурыз 06 / 2018

 

Баспана мәселесі қашаннан өзекті мәселе екені белгілі. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны шешудің тиімді әрі оңай жолын ұсынды. Президент қазақстандықтардың пәтерге қолжетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдегенде бұл жаңалықты қуана қабылдадық.

 

Әрине, елімізде тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде көптеген игілікті істер атқарылуда. Тіпті тұрғын үй салуда бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жеткеніміз де рас. Бұл мәселені шешудің төте жолы ипотека десек, жұмыс істейтін әрбір азамат баспаналы болуы тиіс. Қазіргі таңда банктер ипотекалық несиенің міндетті алғашқы жарнасы үшін 30 немесе 50 пайызын талап етеді. Ал, мемлекет басшысы несиенің бір жылдық үстеме ақысын әдеттегідей 14-16 пайыз емес, 7 пайыз төмендетуді тапсырды. Оның үстіне алғашқы жарнаны 20 пайыздан асырмауды, ал, төлеу мерзімін 25 жылға дейін созуды жүктеді.

Бұл сөз жоқ, қарапайым азаматтар үшін үлкен жеңілдік деп есептеймін.

Мырзахмет ТЕМІРБЕКОВ, Отырар ауданының құрметті азаматы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ