Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Мемлекеттің шынайы қамқорлығы

Наурыз 06 / 2018

 

Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл басымдық әрқашан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан тыс қалған емес. Тек әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткішін әлемдік стандарттар деңгейіне көтеруге біздің ұлттық экономика әзір болмай келді. Бұл жөнінде Парламент пен Үкіметтің бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін жариялаған Елбасының өзі айтты.

 

Елбасы ұсынып отырған 5 бастаманың ішінде жалақысы төмен адамдарға салынатын жеке табыс салығын 2019 жылдан бастап 10 есеге қысқарту бастамасының мәні зор дер едім. Мемлекет басшысы бұл өзгерістің жалақысы айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріне жетпейтін азаматтарға қатысты екенін айтты. Қазіргі айлық есептік көрсеткіш 2 405 теңге екенін ескерсек, енді жалақысы 60 мың теңгеден аспайтын 2 миллион адам жеке табыс салығын бұрынғыдай 10 пайыз емес, 1 пайыз көлемінде төлейтін болады. Яғни бұл азаматтардың жалақысынан ай сайын 6 мың емес, бар-жоғы 600 теңге ұсталынбақ. Бұл мемлекеттің әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға көрсеткен шынайы қамқорлығы дер едім.

Әлібек ӨМІРӘЛИЕВ, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ