Экономика 0 пікір 0 лайк

ОҚО-да көктемгi дала жұмыстары белсендi түрде жүргiзiлуде

Наурыз 06 / 2018

 

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Өңір басшысы Ж.Түймебаев төрағалық еткен жиында 4 бірдей мәселе қаралды. Атап айтқанда, ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламаларының өңірде орындалу барысы, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына дайындық пен «Шатқал» жобасының іске асырылуы жөнінде мәселелер талқыға түсті.

 

Алғашқы болып баяндама жасаған облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері кәсіпкерлікті қолдау картасының екінші бесжылдығына құны 1,3 трлн. теңгені құрайтын 137 жоба енгендігін айтты.

«Индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері кәсіпкерлікті қолдау картасының екінші бесжылдығына (2015–2019 жж.) құны 1,3 трлн. теңгені құрайтын 137 жоба енген. Оның ішінде екеуі – республикалық Индустрияландыру картасының жобасы. Мұнда жалпы 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады» деді Батырхан Құрмансейіт.

Оның айтуынша, 2018 жылы 40 млрд. теңгені құрайтын 20 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл бойынша 1500 жұмыс орны ашылмақ. Солардың ішінде биыл 6 ірі жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда:

1. «Asia Trafo» АҚ – «Кернеу класы 110-220 кВ трансформатор шығару» жобасы, құны – 16,5 млрд. теңге;

2. «Амир-А» ЖШС – «Металлургиялық зауыт құрылысы» жобасы, құны – 9,6 млрд. теңге;

3. «Green technology industries» ЖШС – «ПЭТ қалдықтарын өңдеу және штапельді талшықтар өндірісін ұйымдастыру» жобасы, құны – 5,9 млрд. теңге;

4. «Gold Aluminum» ЖШС – «ПВХ профиль, ПВХ және алюминийден жасалатын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар шығаратын цех» жобасы, құны – 2,6 млрд. теңге;

5. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, жобаның құны – 580,4 млрд. теңге (Республикалық карта);

6. «Самрук-Энерго» АҚ, жобаның құны – 35,1 млрд. теңге (Республикалық карта).

Бұдан бөлек, 2019 жылы 111 млрд. теңгені құрайтын 31 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл орайда 3500 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2017 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасын өзектендіру барысында құны 192,7 млрд. теңге болатын 10 ірі жоба енгізілді:

1. «МetalGiant» ЖШС, жобаның құны – 47,3 млрд. теңге (кен орнының базасында катодты мыс өндіру бойынша таулы-металлургиялық кешенінің құрылысы);

2. «Green technology industries» ЖШС, жобаның құны – 5,9 млрд. теңге (ПЭТ қалдықтар, штапельді талшықтар өңдеу өндірісі);

3. «Azala Cotton» ЖШС II-кезең, жобаның құны – 7,0 млрд. теңге (аралас иірілген жіп өндірісі);

4. «Отырар Био Тех» ЖШС, жобаның құны – 0,9 млрд. теңге (биоэтанол өндіретін зауыт құрылысы);

5. «Амир-А» ЖШС, жобаның құны – 7,5 млрд. теңге (металлургиялық зауыт құрылысы);

6. «Түлкібас темір» ЖШС, жобаның құны – 7,8 млрд. теңге (темірді тікелей қалпына келтіру арқылы өндіру зауыты);

7. «Шымкентская химическая компания» ЖШС, жобаның құны – 19,8 млрд. теңге (этил-трет бутил эфирін және полипропилен өндірісі);

8. «Мining Consult Co» ЖШС, жобаның құны – 85,0 млрд. теңге (полиметалды кендерді өңдеу кешені);

9. «Azala Fabric» ЖШС, жобаның құны – 7,0 млрд. теңге (костюмді мата өндірісі);

10. «Shymkent Temir» АҚ, жобаның құны – 4,4 млрд. теңге (болат блюм шығаратын болат құю өндірісі).

Бүгінге дейін барлық индустриялық аймақтарда жалпы сомасы 42,3 млрд. теңгені құрайтын 78 инвестициялық жоба іске асырылып, 4500-ден астам жұмыс орны ашылды.

Бұдан бөлек, 2018 жылы 38 млрд. теңгені құрайтын 1 647 жұмыс орнымен 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Ал, екінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев «Денсаулық» бағдарламасының 7 бағытын түгендеп, әрқайсысы бойынша өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«І бағыт. Қоғамдық денсаулық сақтау саясатын жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасында «Қоғамдық денсаулық сақтау, дамыту бағдарламаларын мониторингілеу, медициналық жабдықтар бөлімі» құрылып, жұмыс істеуде.

Бұл бағыт бойынша мінез-құлық факторлары қатерлерінің (темекі шегу, алкогольді, психобелсенді заттарды пайдалану, дене белсенділігінің төмендігі), қоршаған орта факторларының, дұрыс тамақтанбаудың алдын алу және ана мен бала денсаулығын қорғау жөнінде ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізілді. Жалпы, облыстың халық денсаулығын сақтау мақсатында сауаттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау барысында 12634 (2016ж.–14976) іс-шара өткізіліп, оған 1168063 адам қамтылды.

Халықты иммунизациялау ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіліп, халықтың декреттелген топтарын профилактикалық егумен қамту көрсеткіші оңтайлы 95 пайызды құрады.

Бірқатар әлеуметтік маңызы бар аурулардың (қатерлі ісік, қан айналым жүйесінің аурулары, глаукома) алдын алу мақсатында жүргізілетін скринингтік тексерулерден 1079713 адам өтіп, қамту көрсеткіші 100,8 пайызды (2016ж. – 98,8 пайыз) құрады.

 

Облыс бойынша инфекциялық және паразитарлық аурушаңдық жағдай бірқалыпты. Алайда, жұқпалы аурулардың ішінде А гепатиті бойынша 2017 жылы 82 жағдай (2016ж. – 20) тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылаған. Аурушаңдықтың жоғарылауы ауызсу, азық-түлік өнімдеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауына байланысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы Қырым-Конго қанды қызбасы, сібір жарасы, құтыру, оба сияқты аса қауіпті аурулардың табиғи ошақтарына жатады. Алдын алу бойынша үздіксіз жүргізілетін іс-шараларға қарамастан, олар жыл сайын тіркелуде. 2017 жылы Қырым-Конго қанды қызбасымен расталған 8 жағдай тіркеліп (2016ж. – 15), 2 науқас Бәйдібек, Отырар аудандарында қайтыс болды. Құтыру диагнозымен 4 жағдай (2016ж. – 5) тіркеліп, төртеуі де қайтыс болды. Науқастар Шымкент қаласында тіркелген. Бұған себеп – жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары сапалы жүргізілмеуі.

ІІ бағыт. Ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті миокард инфаркті, жіті ми қанайналымы бұзылысы, қатерлі ісіктер, жазатайым оқиғалар бойынша жол картасы жүзеге асырылуда. Жол карталарының орындалуы облыстық үйлестіру кеңестерінде ай сайын тыңдалып, қорытындысымен тиісті шаралар қабылданды.

2017 жылы ана өлімінің көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 34,1 пайыз төмендеді. Республикалық орта көрсеткіш – 12 пайыз. Облыс ана өлімі бойынша республикада 5-орында.

Ана өлімінің абсолют саны 2016 жылмен салыстырғанда 14-тен 11-ге дейін төмендеді. 11 әйелдің жетеуі акушерлік себептерге байланысты, төртеуі жанама себептерге байланысты қайтыс болған. Барлық жағдайлар бойынша талдау жүргізілді, ана өліміне жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қолданылды.

Ал, нәресте өлімі 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендеген. Облыс нәресте өлімі бойынша республикада 5-орында.

2017 жылдың қорытындысымен 100 мың халыққа шаққанда қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 53,5-ті құрады. Өткен жылдың көрсеткішімен бір деңгейде.

Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші 2017 жылы 100 мың адамға шаққанда 142,4-ті құрады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 146,5-ті құрап, көрсеткіш 2,8 пайыз төмендеді. Облыста көрсеткіш бойынша алдыңғы орында – Cозақ (210,1), Төлеби (171,6), Шардара (163,8), Ордабасы (162,8), Түлкібас (153,1) аудандары және Арыс (174,1), Түркістан (147,3) қалалары тұр.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 50,2-ні құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеді. Өлім-жітімнің себептері: өз-өзін өлтіру – 22,5 пайыз, жол-көлік апатынан – 35,8 пайыз, суға кету – 6,5 пайыз, улану – 0,2 пайыз. Облыста көрсеткіштер бойынша – Отырар (78,8), Бәйдібек (76,4), Шардара (71,1), Созақ (66,3), Ордабасы (65,3) аудандары алдыңғы орында тұр.

2017 ж. туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 2,3-ті құрап, 8 пайызға төмендеді. 2016 ж. бұл көрсеткіш 2,5-ті құраған. Республикалық көрсеткіш – 3,0. Облыс туберкулез өлім-жітімінің төмендігі бойынша республикада 3-орында.

ІІІ бағыт. Облыстың барлық медицина ұйымдарында ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Әрбір медициналық ұйымда медициналық көмек сапасын басқару қызметі ұйымдастырылған, барлығы 327 маман, 116 сарапшы дәрігер және қалғандары қызмет мүшелері. Ішкі аудит қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында облыстың амбулаториялық-емханалық ұйымдарының 254 дәрігері оқытылды. 2017 жылы медициналық қызметтің сапасы бойынша жалпы 212 арыз тіркелген, оның 23-сі негізді. Сонымен қатар, халықтың арыз-шағымдарын қоңырау арқылы өңірлік бірыңғай медициналық Call-орталығы қабылдайды. Орталыққа 2017 жылы барлығы 1854 арыз тіркелді.

ІV бағыт. Облыс тұрғындары қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде, облыс аумағында орналасқан дәріханаларда азаматтардың күнделікті жиі қолданатын дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдары бағасының өсуін ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізу мақсатында төрт жақты (ОҚО Әкімдігі, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы, ҚР ДСМ фармация комитетінің ОҚО бойынша департаменті, «ДАМУ» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығымен) бірлескен меморандум түзіліп, әлеуметтік маңызы бар 150 дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті баға бекітілді.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша көрсетілген медициналық мақсаттағы дәрілік заттар мен бұйымдар бағаларының өсуі тіркелмеген.

Диспансерлік есепте тұратын 357 мың пациент 49 ауру бойынша 265 дәрілік затпен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар бекітілген тізбеге кірмеген нозологиялар бойынша мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге қарастырылып, 125 науқас дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

V бағыт. 2017 жылы жалпы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында 23,3 млн. теңге бағытталып (2016 жылы 18,3 млн. теңге), жыл қорытындысымен 99,9 пайыз игерілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша 2017 жылдан бастап ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында 1678 кездесу өткізіліп, оған 2 млн. 220 мыңнан аса тұрғын қамтылды. БАҚ арқылы 1048 ақпарат жарияланды. Халық арасында 404 мыңнан аса ақпараттық материал таратылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен халықтың сұрақтары бойынша арнайы Call-орталық жұмыс істеуде.

VІ бағыт. Облыстың медицина ұйымдарында 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші – 27,8 (2016ж. – 25,1), орта медицина қызметкерлерімен қамтылу көрсеткіші – 86,3 (2016ж. – 78,6). 195 маман жетіспейді, оның ішінде ауылдық жерлерде – 60 маман тапшы. Маман тапшылығын төмендету үшін аудан деңгейінде жас мамандарды тұрақтандыру қажет.

7567 маман (2016ж. – 8073) жергілікті бюджет есебінен қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтті.

Облыстық деңгейде 3 тренинг орталықта 292 дәрігер, 1062 орта буын медицина қызметкері оқытылды. Республикалық 16 ғылыми орталықта және ғылыми-зерттеу институттарында 375 маман біліктілігін арттырды. Халықаралық деңгейде: 80 маман шетел клиникаларында біліктілігін жоғарылатты (Оңтүстік Кореяда – 19, Ресейде – 32, Белоруссияда – 8, Моңғолияда – 6, Түркияда – 15).

VІІ бағыт. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында Шымкент қаласында №10 «Қайтпас» емханасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жекешелендіруге берілді. «Ақсу-Жабағылы» және «Біркөлік» санаторийлері сенімгерлік басқаруға берілді. Одан бөлек, 3 (№ 4, 9, 11) емхананың концепциясы әзірленіп, конкурс жарияланды. Шымкент қаласындағы облыстық онкологиялық орталық пен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің және Сарыағаш қаласындағы облыстық перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарлы түрде кезең-кезеңімен салынады.

2016 жылы 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, 4 нысан пайдалануға берілсе, 2017 жылы 38 нысанның 33-інің құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді: 2 ауруханаға жапсарлас корпус, 1 ауылдық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 18 ФАП, 5 медпункт, 5 нысан келесі жылға өтпелі.

2017 жылы облыстық бюджет есебінен 600 млн. теңгеге 20 дана құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректер сатып алынды. 2018 жылы 67 медициналық тірек сатып алу жоспарлануда.

Ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. 2017 жылдың басынан облысымыздағы 35 медициналық ұйымға кешенді ақпараттық жүйе орнатылып, ақпараттандыру 50%-ды құрады. 2018 жылы барлық медициналық ұйымдар 100% ақпараттық жүйеге қосылады деп жоспарлануда. Ақпараттық медициналық жүйені сапалы ендіру үшін аудан, қала әкімдері шалғай ауылдардағы медицина ұйымдарының интернет желісіне қолжетімділігін арттыруы қажет.

Кезексіз емхананы жетілдіру мақсатында 23 медицина ұйымдарына электрондық кезек таблосы орнатылды. 2018 жылы барлық емханаларға табло орнату үшін жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылы облыстық бюджет есебінен 2056 дана компьютер сатып алынды. 2018 жылы компьютерлердің 7582 бірлігі алынып, 100 пайыз қамтылады.

Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,2 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 65,1 пайызға жеткізілді.

Жетістіктер:

1. Компьютерлік роботталған нейрохирургиялық жүйе орнатылып, омыртқада орналасқан жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылуда;

2. Интернет желісімен дәрігерлердің жеке кабинеттері арқылы ұялы телефондарының мобильді қондырғылары орнатылуда;

3. Стоматологиялық 3D томограф қондырғысы жұмыс істеуде;

4. Қазақстанда алғаш рет Витилиго орталығы ашылып, витилигоны жаңа хирургиялық әдіспен емдеу енгізілді;

5. №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасында паллиативтік көмек көрсететін қосымша бөлімше ашылды» деді М.Егізбаев.

Ал, көктемгі дала жұмыстары жайлы баяндаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарланған егіс көлемі 833,1 мың гектарды құрап, өткен жылдан 6,8 мың гектарға артық межеленгендігін айтты. Ол көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға толық мүмкіндік бар екендігін жеткізді.

Оның мәлімдеуінше, агротехникалық талапқа сәйкес мол ылғал жинау үшін жер айдау жұмыстары күз айларында аяқталуы тиіс. Бұл жердің ылғалды бойына жинақтауына ықпал етеді.

«Қазіргі таңда 21,3 мың тонна тыңайтқыш қоймаларда сақталып тұр. Сор шаю жұмыстары 101,8 мың гектарға межеленіп, 62 мың гектар жердің соры шайылды. Алайда, Шардара ауданында сор шаю жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер бола тұра әлі күнге дейін АШТӨ-мен су босату мекемелері арасында келісімшарт жасалмай, қажетті ағын су каналдарға әлі күнге ашылмаған» деді Серік Тұрбеков.

Техника. Қолда бар 15006 трактордың 86 пайызы, 2966 трактор соқаларының 100 пайызы, 1861 дана дән сепкіштің 92 пайызы дайын.

Жанармай. Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна (ақпан, наурыз, сәуір айларына 23 мың тонна, мамыр айына 15 мың тонна) дизель отыны бөлінді. Бұл облыс агроқұрылымдарының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге жетеді.

Бүгінгі күнгі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан дизель отынының зауыттағы босатылу бағасы 1 тоннасына – 156 мың теңге (литрге шаққанда 130 кг/см3, қосымша оператордың маржасы қосылып, агроқұрылымдарға жеткізуімен 1 литрі – 136-137 теңге) етіп белгіленеді деп күтілуде.

Жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Облыс бойынша ағымдағы жылы көкөніс дақылдарын 41 мың гектар аумаққа егу межеленген. Оның бүгінге 1,3 мың гектары (Мақтаарал 0,15 мың га, Сарыағаш 1,2 мың га) егілді. Егу жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді несиелендіру үшін 3,2 млрд. теңге қаралуда. Оның 1,4 млрд. теңгесіне «Ырыс» ШНҰ» ЖШС ұсынған.

«Шатқал» шарасының іске асырылуы жөнінде баяндама жасаған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы Ілияс Құрамысовтың айтуынша, 2017–2021 жылдары облыстың елді мекендерін көгалдандыру мен Шымкент қаласының айналасынан «Жасыл аймақ» құру мақсатында 36,6 мың гектар аумақта 15 млн. 396 мың түп көшет егу жоспарланған.

Аудан, қала әкімдіктері бойынша 2017 жылға 4 546,7 гектар аумаққа 1 млн. 909,5 мың түп көшет егу жоспарланып, нақты 2 122 гектар жерге 1 млн. 96 мың көшет егілді. Яғни, жоспар 57,4 пайызға орындалды.

Төлеби, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар аудандары мен Кентау қаласы жоспарды артығымен, Сарыағаш, Түлкібас аудандары – 100 пайызға, Мақтаарал, Сайрам, Созақ, Шардара аудандары мен Арыс, Түркістан қалалары 54-60 пайыз аралығында орындаса, Ордабасы ауданы – 19,4 пайыз, Шымкент қаласы 13,5 пайызбен төмен көрсеткіштерге ие болып отыр.

Іс-шараға сәйкес, 2017 жылы күзде басқармаға қарасты «Жасыл желек», «Бадам», «Отырар» мемлекеттік мекемелері мен Сырдария-Түркістан өңірлік паркінен аудан, қала әкімдіктеріне 480 мың дана әртүрлі ағаш-бұта көшеті тегін босатылды.

Бекітілген іс-шара аясында 2018 жылы елді мекендерде 4 740 гектар жерге 1 млн. 990,7 мың түп көшет егу қаралған. Осыған байланысты, орман шаруашылығы мекемелерінен көктемде 419 мың дана, күзде 1 млн. 572 мың көшет тегін босатылады.

Шымкент қаласының маңайында 125 га аумақта орналасқан 6 шатқалда 81 мыңға жуық көшет егіліп, бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы шатқалдарға 200 мыңнан аса көшет егіледі.

Шатқалдардың жерлерін меншік иелерінен, заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару барысында Шымкент қаласы әкімдігімен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шатқалдар басқармаға берілген жағдайда, кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың көктем және жаз маусымдарында шатқалдарда қосымша 50 мың метр суару жүйелері мен 120 мың дана ағаш көшетін отырғызу, 10 дана тік ұңғыма, 10 дана су резервуар, 4 дана трансформатор орнату, 1600 метр қоршау құру, 1200 шаршы метр аяқжол салу жоспарлануда.

Кеңейтілген мәжілісті қорытындылаған өңір басшысы Ж.Түймебаев ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының биылға арналған негізгі міндеттерін өңірде орындау бойынша нақты қадамдық жоспар түзіп, орындалуын қатаң бақылауға алуды және облыс бойынша іске қосылған индустриялық аймақтардың жағдайына талдау жүргізіп, нәтижесін баяндауды тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудан, қала әкімдеріне науқастарды әлеуметтік қолдауға берілетін қаражаттың тұрақты бөлінуін қамтамасыз етуді және салауаттылықты сақтау мен қалыптастыру шараларын тұрақты іске асыруды жүктеді.

Сонымен қатар, шаруаларға жанар-жағармайдың және несие қаржылардың мерзімінде таратылуын және егістік көлемін алдын-ала жүйелі түрде жоспарлауды ескертті. Облыс бойынша ағымдағы жылға арналған көгалдандыру жұмыстарының аудан, қала әкімдіктері тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ