Руханият 0 пікір 0 лайк

«Ұлттың алтын арнасы – әдебиет...»

Наурыз 06 / 2018

 

Үмітхан АЛТАЕВА, «Оңтүстік Қазақстан».

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы аясында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ОҚО-ның құрметті азаматы, жазушы Мархабат Байғұтпен сырласу кеші өтті.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен басқосуда ғалым Құлбек Ергөбек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалау кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімі аппаратының инспекторы Бақытжан Әшірбеков қайраткер қаламгер жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Елбасының ел болашағын баянды етуге бағытталған бағдарламасы жайлы ұтқыр пікірлер мен тұжырымды ойлар ортаға салынды.

«М.Байғұттың болмысын бағамдау» атты басқосуды қорытындылаған кеш иесі: «Рухани жаңғырудың алтын арнасы, асыл арқауы – тарих пен әдебиет. Бүгінгі кездесудің басты себебі де – рухани жаңғыру. Кітапхана ұжымы дара тұлғаларды себеп етіп, қайткенде жаңарамыз, жаңғырамыз деген мәселе төңірегінде ой қозғап отыр» деді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ