Руханият 0 пікір 0 лайк

Сан қырлы өнер иесі

Наурыз 06 / 2018

 

Көрме орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, қаламгер Иса Омардың алпыс жылдық мерейтойына арналған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты шығармашылық кеші өтті. Әдеби-сазды кеште Еркінбек Тұрысов, Ағабек Сүгірәлиев, Әлібек Өмірәлиев, Сапарбек Сахов, Байдулла Қонысбек, тағы басқа да ел ағалары мерейтой иесінің сан қырлы шығармашылық адамы екенін әңгімелеріне арқау етіп, ізгі тілектерін білдірді.

 

– Иса Омар елімізде тұңғыш тәуелсіз газет «Замананы» жарыққа шығарып, қазақ баспасөзіне жаңа бағыт әкелуімен ерекшеленді. Кезінде газеттің таралымы отыз мыңға дейін жетті. Оның қарапайым оқырмандарға арналған түрлі бағыттағы газет-кітапшалары жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Ол өз мамандығына қоса маркетинг пен менеджерлікті қоса меңгерді. Әріптесіміз уақыт ағымына сай өзінің сан қырлы шығармашылық қабілетін танытып келеді. Бүгінде ол Оңтүстік жұртшылығына ақын әрі композитор ретінде танылды. Осы биігіңнен төмендеме, айналайын, – деп ақжарма тілегін білдірді әріптес ағасы Б.Қонысбек.

Шығармашылық кеште Иса Омардың «Жүрек сөзі», «Замана» кітаптарының тұсауы кесілді. Көпшілік «Қаржаннан шыққан қаламгер» бейнефильмін тамашалады. Облыс өнерпаздары кеш иесінің әсем әндерін шырқаса, мектеп оқушылары жырларын жатқа айтты.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ