Мәңгілік Ел 0 пікір 0 лайк

Мультимедиялық портал құрылды

Наурыз 03 / 2018

 

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың алғыс» салтанатты шарасы өтті. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

 

Жиын алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мультимедиялық порталы көпшілікке таныстырылды. Айта кетейік, мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырған болатын. Жаңа порталда әр бірлестіктің өз жаңалықтарымен бөлісіп отыруына барынша жағдай жасалған. Сонымен қатар, онда еліміздегі халықтардың этникалық тарихы мен салт-дәстүрлері қамтылған интерактивті карта да бар.

Порталда онлайн жүйесінде де жұмыс істеуге мүмкіндік мол. Осыны пайдалана отырып, Астана қаласы мен Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы этномәдени бірлестік мүшелері бейнеконференция арқылы тікелей эфирде бір-бірін айтулы мерекемен құттықтады.

Оңтүстікқазақстандықтар атынан корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак сөз алып, өңірімізде Алғыс айту күнінің он күн бойы ерекше жағдайда атап өтілгенін жеткізді. Қонақжай қазақ халқына алғыс айтты.

Бейнеконференцияға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының өкілдері қатысты.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ