Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Сарыағаш ауданында павловния өсірілуде

Наурыз 03 / 2018

 

Сарыағаш ауданында 2 гектар жерге әлемдегі ең жылдам өсетін павловния ағашының 37 мың түп көшеті отырғызылды. Еуропадан әкелініп, Сарыағаштың топырағына жерсіндірілген дарақ, әсіресе, жиһаз бен музыкалық аспап жасауға ыңғайлы. Айналасы 5 жылда 30 метрге дейін өсетін талдың саясы кең, алты апта бойы гүлдеп тұрады. Шілденің аптап ыстығында ауаны тазартуда да рөлі орасан.

 

Павловния ағашын Сарыағаш жеріне жерсіндіруді жеке кәсіпкер Балтабай Құрбанбаев алғашқылардың бірі болып іске асырған. Бүгінде оның қожалығында 37 мың түп павловния көшеті бапталуда. Кәсіпкердің айтуынша, көшетке деген сұранысы жоғары оңтүстік өңірі үшін мұндай ағашты өсіру өте тиімді. Оны әр үш жылда 8 рет кесіп алып, қажеттілікке жаратуға болады.

– Былтыр Еуропадан арнайы әкеліп отырғыза бастадық. Сарыағаштың топырағы мен климаты да павловнияны өсіруге өте қолайлы. Сондықтан оны жерсіндіру қиын соқпады, – дейді Балтабай Құрбанбаев.

Бір қызығы, бұл ағаштың жапырақтары көктемде бүршік жармай тұрып гүлдейді екен. Кәсіпкердің айтуынша, талдың күтімі жақсы болса, 100-180 жылға дейін өмір сүреді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ