Мәңгілік Ел 0 пікір 0 лайк

«Отырарды еш жерге айырбастамаймын!»

Наурыз 01 / 2018

 

Елбасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді» деген сөзі бар. Мен Президентіміздің сөзіне толықтай қосыламын. Өйткені, мен ұлтым болгар болса да қазақ бауырларыммен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмын. Біздің ұл-қыздарымыз да бір-біріне бауырмал болып өсті.

 

Бірінші Елбасымызға, екінші бауырмал қазақстандық ағайындарға айтар алғысым шексіз. 1939 жылы әке-шешеміз осы ауданға жер аударылып келіп, Көксарайға қоныстанды. Міне, сол жылдан бастап бізді қазақ ағайындарымыз жатсынбай, өз бауырларындай қабылдады. Маған қазір басқа жерге қоныс аудар десе өзім тұрып жатқан қасиетті Отырар өңірі мен Көксарай ауылын ешкімге айырбастамас едім. Себебі, әлемде қазақтан өткен бауырмал, кеңпейіл, жан дүниесі мейірімге толы ұлт некен-саяқ.

1 наурыз – Алғыс айту күнінде туып-өскен жерімнің тұрғындарына, қазақ бауырларыма, жалпы Отырар жұртына білдірер алғысым шексіз. Мереке құтты болсын, жерлестер!

Геннадий Викторұлы СТАМАТОВ, Отырар ауданы, Көксарай ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ