Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ЖАРТЫ КЕЛІ МАРИХУАНА

Ақпан 28 / 2018

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 1985 жылы туылған тұрғыны заңсыз есірткі затын сақтап және сатумен айналысқан күдікпен анықталып, ұсталды,-деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Одан айғақты зат ретінде 5 дана сіріңке қорапшасында салынған есірткі заты тәркіленіп алынды. Оның үйін тінту барысында қосымша 30 дана сіріңке қорапшасы және 2 дана полиэтиллен пакетінде құрамында өсімдік есірткі заты бар анықталды. Есірткі заты жарты келіден асатын кептірілген «марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ