Экономика 0 пікір 0 лайк

Бюджет қаражаты қомақты

Ақпан 24 / 2018

 

Аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев жыл ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде брифинг өткізді. Онда былтыр жергілікті бюджетке 4 млрд. теңге артық қаражат түскенін, 2016 жылмен салыстырғанда өткен жылғы бюджет кірісі 17,4 пайызға көбейгенін баяндады.

Абдрахман Батырбекұлының айтуынша, алдыңғы жылға қарағанда салаларға бөлінген қаражат та ұлғая түскен. Мәселен, 2016 жылмен салыстырғанда білім беру саласына 23 млрд., әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 13,2 млрд., сондай-ақ, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік салаларына 7 млрд. теңге артық бөлінген. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, мемлекеттік бюджет кірістері де өткен жылы жоспардан тыс 6,5 млрд. теңгеге ұлғайған.

Сонымен бірге, баяндамашы өз сөзінде былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірімізде іссапармен болған кезінде бірсыпыра тапсырмалар жүктегенін, соның аясында салық салу базасын кеңейту, жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту мәселелеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде облыс бюджеті қосымша 16,8 млрд. теңгеге көбейе түскенін атап өтті.

Ә.НҰРЖІГІТҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ