Руханият 0 пікір 0 лайк

«ҚАЗЫҒҰРТ» фильмін тамашалады

Ақпан 24 / 2018

 

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Оңтүстік Қазақстан облысында түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығының ашылу салтанаты өтті. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шарада «Сақ» киностудиясы түсірген «Күш атасы – Қажымұқан» және «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері мен «Ерлік» көркем фильмі көрсетілді.

 

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыс әкімінің тапсырысымен түсірілген «Ерлік» көркем фильмі жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға, оларды ұлттың батырлары мен киелі жерлерін, салт-дәстүрін біліп өсуіне үндейді. Осындай анимациялық фильмдер арқылы көрермендерге тарихымызды танытып, ауыл мен киностудиялардың мәдени байланысын арттыруымыз қажет, – деді Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев.

Кеш соңында кино саласында елеулі еңбек етіп жүрген «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «Сақ» киностудиясының ұжымдары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, алдағы уақытта осындай кино апталығы облысымыздың өзге де аудандарында өткізілмек.

Жұлдыз АЙНАБЕК, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 4-курс студенті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ