Тарихта тұңғыш рет!

Ақпан 24 / 2018

 

Елчемпионатындабірауданныңспортшыларыбарлықсалмақтатопжарды

 

Әділ ӘБДІРАМАНОВ,«Оңтүстік Қазақстан».

Армрестлингтен Павлодар облысында өткен Қазақстан чемпионатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының спортшылары 11 салмақта да бірінші орынды жеңіп алды.

55 келі салмақ дәрежесінде бұған дейін әлем чемпионы атағын жеңіп алған Дәурен Әбсаттар қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жерлестеріне ақ жол ашып берді. Азия чемпионы Қыдыр Өсербай 60 келіде топ жарса, 65 келіде Талғатбек Рүстембек чемпиондық тұғырға көтерілді. 70 келі салмақта Ержан Әбілда жеңімпаз атанса, 75 келіде Талғат Ақтаев қарсыластарын таза жеңді. 80 келіде Мағжан Шәмиев, 85 келіде Ғалымжан Қарсыбаев, 90 келі салмақта Нұрдәулет Сәдуақасов, 100 келіде Қыдырғали Оңғарбаев, 110 келіде Рысдәулет Мұханбетов, 110 келіден жоғары салмақта Медет Құттымұратов Қазақстан чемпионы атанды. Ерлер арасында барлық салмақ дәрежесінде бір өңірдің спортшыларының топ жаруы – ел тарихында болмаған оқиға.

Қыздар арасында өткен сайыста 60 келі салмақта сынға түскен әлемнің екі дүркін чемпионы Жазира Ақбаева қарсылас-тарын ойсырата жеңіп, чемпион атанғанын да айта кеткен жөн. Осылайша шағалалы Шардараның білекті де жүректі жастары Ертіс өңірінде ерен ерліктің үлгісін көрсетіп қайтты.

Шардара ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ