Оңтүстiктiң өрендерi қарсылас шыдатпады

Ақпан 24 / 2018

 

Ғабит САПАРБЕКОВ,«Оңтүстік Қазақстан».

Шучинск қаласында баскетболдан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі аяқталды. Бұл сайыста Оңтүстік Қазақстан облысының баскетболшы қыздары тамаша нәтижеге қол жеткізді.

 

Атап айтсақ, 2005–2006 жылғы спортшылар арасындағы сында ОҚО құрамасы финалда Астана командасын 21:15 есебімен жеңді. Ал, 2003–2004 жылы туған өрендеріміз финалда Қарағанды облысының баскетболшыларын 44:30 есебімен ұтты. Сөйтіп, қос командамыз да бірінші орынға ие болды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ