Аспан асты, жер үсті 0 пікір 12 лайк

Шымкентте... "аяғы аспаннан келген" үй бар

Ақпан 23 / 2018

"Не шықса да Шымкенттен шығады" дейтіндерге әңгіменің өзегіне айналар тағы бір тақырып табылды. Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде мынадай үйдің пайда болғанына да біраз болды.

Бірақ, негізгі архетектуралық жобасы толық аяқталмаған соң, жанама құрылыс нысандарының қалқасында қалып, әл-әзір жұртшылық назарына түсе қоймауда. Аяқталмаған құрылысқа қарап, бұл не тұрғын үй, не коммерциялық нысан болатынын дөп басу әзірге қиын.

Бір анығы -- бізде де ерекше сәулет өнерімен құрылыс салуға натәуекел ететіндердің табылғаны. Әйтпесе, біріңғай жобада үй салуға еті үйренген шымкенттіктердің бірінің үйінен бірінің айырмасы шамалы.

Сонымен, бұл үй қай көшеде орналасқан?

Сайт оқырмандары өз жауаптарын осы мақаланың соңына, яғни сайтқа жазып қалдыруы керек.

Суретті жұмбақты кім бұрын шешер екен....

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ