«Полторанин медаль алмаса, жалақымды қайтарып беремін»

Ақпан 23 / 2018

    Бүгін Пхенчхан Олимпиадасындағы басты үміттеріміздің бірі, шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Мати Алавер маңызды мәлімдеме жасады. Бұл туралы Caravan.kz сайты ақпарат таратты. Аталған сайттың тілшісіне берген сұхбатында Алавер егер Полторанин осы Олимпиада ойныдарында медаль алмаса, осы спорт маусымында алған жалақысын түгел бюджетке қайтарып беретінін айтты.

 

 — Олимпиада қатардағы көп жарыстардың бірі емес. Осы сында спортшылар бойдағы бар күші мен қайратын жұмсайды. Полторанин де дайындалып отыр. Спортшының жарыстағы нәтижесіне оған қасында көмектесіп жүрген адамдардың бәрі жауапты. Ең басты сұралатындар – бапкерлері. Егер Алексей сенбі күнгі сайыста жүлде алмаса, мен осы маусымда алған жалақыларымды түгел қайтарып беремін. Осы әрекетім арқылы басқа бапкерлерге үлгі көрсеткім келеді, - деді бапкер.

   Полторанин 24 ақпанда сағат 11.00-де сынға түседі.  50 шақырымға классикалық әдіспен  шаңғымен жүгіретін мықтылардың арасында отандасымыз да басты үміткерлердің бірі деп бағалануда. Қазақстанның осы додадағы Олимпиада алудағы соңғы мүмкіндігі де – осы сайыс. Ендеше, отандасымызға сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ