Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Тамара Дүйсенова – «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

Ақпан 22 / 2018

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия хатшысы қызметіне тағайындалды.

 

 

«Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Тамара Қасымқызының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол екенін атап өтіп, алдағы уақытта да Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді», -- деп хабарлайды аталмыш партияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Тамара Дүйсенова бүгінде елімізде жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келеді. Мәселен, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, кейіннен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ