Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Кемел келешекке бастайды

Ақпан 22 / 2018

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазақ тілінің латын әрпі нұсқасында жаңа әліпбиі бекітілді. Қазақ әліпбиін латыншаға ауыстырмас бұрын ол қоғамда әбден талқыланды. Жаңа әліпби лингвист ғалымдардан бастап қарапайым азаматтарға дейінгі қоғамның барлық мүшелерінің пікірлері ескеріліп барып қабылданды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуімен қазақ тарихында жаңа бір бет ашылды. Ендігі жерде бұл реформадан мол үміт күтеміз. Жаңа әліпбимен қазақ қоғамы әлемдік өркениетке біртабан жақындай түседі деп сенеміз. Өйткені, жер бетіндегі дамыған мемлекеттердің барлығының дерлік әліпбилері латын әрпі негізінде жасалған. Бұл үрдістен біз де шет қалмауымыз керек.

 

Бүгінде әлемде әр сала бойынша қаншама жаңалықтар ойлап табылуда. Әлбетте, жаһандану үдерісі де бұған өз әсерін тигізуде. Ал, сол жаңалықтар туралы мәліметтердің дені латын әрпінде жазылған. Технологиялық прогресс көшінен кеш қалып кетпеуіміз үшін біз соған ыңғайлануымыз керек. Сондықтан да латын әліпбиіне көшуді өркениетке қарай жасалған маңызды қадам деп қабылдауымыз қажет.

Елімізде орын алған қуанышты жаңалық қазақ халқын рухани жаңғыруға бастайтыны сөзсіз. Ұлтымызды дамуға жетелейтін осындай бастамалар арқылы келешегіміздің кемел болатыны айқын.

Динара ӨМІРЗАҚОВА, Шымкент қаласындағы №58 орта мектеп мұғалімі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ