Руханият 0 пікір 0 лайк

Баспасөз сыйлығын иелендi

Ақпан 22 / 2018

 

Түркияның Кастамону қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер өкілдерінің қатысуымен өткен 2017 жылды қорытындылау жиынында түркітілдес елдердің рухани өміріне үлес қосқан бірқатар азаматтардың есімдері үздіктер қатарында аталды.

 

ТҮРКСОЙ ұйымының және бауырлас мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен бірлігін насихаттауға ерекше еңбегі сіңген Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Гагаузия, Солтүстік Кипр, Болгария, Македония, Түркия елдерінің ақын-жазушылары мен журналистеріне «Баспасөз сыйлығы» мен арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды. Марапатталғандардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысы мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының редакторы Мәдина Әйтпенбетова мен «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігінің редакторы Жанар Мұхамедиярова да бар. Әріптестерімізге жүлде құтты болсын дейміз!

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ