Халықтың тілегі қабыл болды

Ақпан 20 / 2018

Байділда ЖЫЛҚЫШИЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

--Сарыағаш ауданының екі ауданға бөлініп, жаңадан Келес ауданының құрылуы туралы қуанышты хабарды зор ықыласпен қарсы алып отырмын. Бұл елдің көптен бері аңсағаны, күткені еді.  Дұрыс шешім болды. Оңды іс деп бағалаймын. Осы ауданда қызмет атқарған, бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсы білетін адам ретінде айтарым Келес бұған дейін де өз алдына аудан болған. Оның экономикалық потенциялы зор.  Келес өңірінде 100 мыңнан астам халық бар.  Өз алдына аудан болған соң тұралап қалған мақта шаруашылығын дамытуына мол мүмкіндік алып отыр.  Кезінде Келес өңірі төрт ірі шаруашылықты дамыту арқылы еліміз бойынша даңқы аспандаған. Осы істі қайта жаңғыртып, алма, жүзім, мақта  шаруашылықтарын қайта дамытса, бұл өңірдің экономикасы дамитынына кәміл сенемін.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ