Мәңгілік Ел 0 пікір 0 лайк

«Әр ұлттың бренді»

Ақпан 20 / 2018

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында дәл осындай тақырыппен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеге облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, осы саламен айналысуға ниетті азаматтар, кәсіптік мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Жиынды «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов ашты.

 

Көрме ҚХА мүшелерінің үздік іс-тәжірибелерін өзгелерге үлгі ету бойынша облыс әкімінің берген тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – этномәдени бірлестіктердің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін насихаттау, тұрғындар арасында кәсіпкерліктің өріс алуына жағдай жасау болып табылады.

Шара барысында облысымыздағы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің тауарлары мен өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері өздерінің осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті.

Е.ҚОЖАХМЕТҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ