Заң-заман 0 пікір 1056 лайк

ОҚО-да «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Ақпан 19 / 2018

ОҚО-да 19-21 ақпан аралығында 3 күндік «Қауіпсіз жол» акциясы басталды. Онда  полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті назарда ұстап, бақылауды күшейтетін болады. Жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін күндері жол полициясы бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген негізде қызмет атқаратын болады.

Оның басты мақсаты - жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзуға тыйым салу, ЖҚЕ талаптарын елемеген қауіпсіздік белбеуін пайдаланбаған, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен немесе радиостанциялармен сөйлескен жүргізушілерді әшкерелеу. Сондай-ақ апат белгілері бар автокөліктерді айқындау болып табылады.

Акция  барысында автокөлікпен жолаушыларды және жүк тасымалдауды жүзеге асыруда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзуды тыю мен әшкерелеуге айрықша назар аударылады.  Жол қозғалысының инспекторлары автобус парктері мен автотұрақтарға, басқа да әртүрлі мекемелерге арнайы барып, жүргізушілер құрамымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жоспарланған іс-шарада - мектеп оқушылары арасында және басқа да оқу мекемелерінде өткізілетін семинарлар да бар.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ