ҚАЗАҚСТАН 9:1 ӨЗБЕКСТАН

Ақпан 19 / 2018

Ғабит САПАРБЕКОВ,

«Оңтүстік Қазақстан».

   Алматы қаласы маңындағы АІВА бокс академиясында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан құрамалары арасында турнир өтті. Бірлесіп жаттығу әрі шеберлік шыңдау мақсатында өткен сында Қазақстан боксшылары өзбекстандық қарсыластарын 9:1 есебімен жеңді. Төменде жекпе-жек нәтижелері көрсетілген:

 

 

49 келі  Ержан Жомарт (жеңді) - Аброрбек Абдусаламов

52 келі  Азат Махметов (жеңді) - Абдулло Кучкаров

56 келі  Қайрат Ералиев (жеңді) - Баходир Баратов

60 келі  Саматали Төлтаев (жеңді) - Сулаймон Латипов

64 келі  Қуан Қуатов (жеңді) - Жавохир Собиров

69 келі  Данияр Елеусінов (жеңді) - Фуркат Шамуратов

75 келі   Ерік Әлжанов (жеңді) - Фанат Кахромонов

81 келі   Бек Нұрмағамбет (жеңді) - Дильшод Рустемов

91 келі   Нұрбол Алтаев (жеңді) - Жамшид Абдуллаев

91 келіден жоғары  Нұрлан Сапарбай - Профсор Роримша (жеңді)

 

    Әрине, бұл оқу-жаттығу жиыны сипатындағы бейресми турнир. Қарсыластар бар шеберлігін көрсетпей, «әліптің артын бағуы» мүмкін. Оның үстіне бірнеше жас боксшыны әкелген. Шын мықтылар жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында анықталатыны анық. Дегенмен, Мырзағали Айтжанов шәкірттерінің қадамы қуантты. Соңғы жылдары бір-біріне лайықты қарсылас болып жүрген қос құраманың тайталасы халықаралық додаларда жалғасын табады.

   Осы турнирде Қазақстан құрамасы Ресей боксшыларымен де жұдырық түйсітірді. Аса тартысты кездесу 5:5 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде Жандос Несіпжан, Анвар Музапаров, Абай Төлеш, Антон Пинчук және Қамшыбек Қоңқабаев қарсыластарынан басым түсті. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ