Айтжанов пен Артаев күш біріктірмек

Ақпан 19 / 2018

   Жуырда «Астана арландары» командасының бас директоры Бақтияр Артаев пен бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі меморандумға қол қойды.

 

   Келісімге сәйкес, кәсіпқой клуб пен ұлттық құрама жігіттері бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Сонымен қатар, ұлттық құраманың кейбір жігіттері кәсіпқой бокста, керісінше «Астана арландарының» өкілдері ұлттық құрама сапында жұдырықтасуға мүмкіндік алады. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ