Экономика 0 пікір 0 лайк

Несие картасын пайдаланатындар көбейген

Ақпан 17 / 2018

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

2017 жылдың қорытындысы бойынша елімізде несие карталарын пайдаланғандар саны 3,7 млн.-ға көбейген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 8,5 %-ға азайған екен.

 

Несие карталарын белсенді пайдаланатын облыстардың рейтингісінде Алматы облысы көш басында болса, біздің өңіріміз екінші сатыға жайғасқан.

2017 жылы облыс тұрғындары арасында несие карталарын пайдалану 2,2 есеге артып, олардың саны 7,6 мыңға жеткен. Облыстың республикадағы үлес салмағы 0,3 %-дан 0,5 %-ға артқан. Ал, белсенді карталардың үлес салмағы 0,5 %-дан 0,9 %-ға көбейген.

Қазақстан халқы арасында несие карталарын жылдам сауда жасау мақсатында пайдаланушылар көп. Мұндай қызметті қазіргі таңда 4 банк – Халық банкі, Еуразия, Хоум Кредит, Kaspi банктері ұсынады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ