БҮГІН 4 ҚЫЗЫМЫЗ ЖАРЫСҚА ШЫҒАДЫ

Ақпан 15 / 2018

   Бүгін Астана уақытымен сағат 17.00-де әйелдер арасында фристайл-акробатикадан Олимпиада жүлделері сарапқа салынады. Бұл сайыстар "Qazaqstan" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Жарыс жолына Қазақстанның 4 спортшысы шығады. Атап айтсақ, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт және Аяна Жолдас ел намысын қорғайды. 

  Бұл 4 спортшы да Шымкенттегі ОҚО қысқы спорт түрлері мектебінің сайыпқырандары. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ