Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жағдай тұрақты

Ақпан 14 / 2018

   Созақ ауданында күннің кенеттен жылуының және нөсер жауынның нәтижесінде, қардың көбесі сөгіліп, су деңгейі көтерілді. Осыған байланысты Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

 

Ақпаратта "Жердегі тоңның жібімеуіне байланысты, Шолаққорған ауылында еріген қар жерге сіңбей кейбір көшелер мен бірен саран үй аулаларында су көтерілді. Аудан әкімдігінің жедел ұйымдастыруымен техникалар жұмылдырылып, қажетті жұмыстар жүргізілді. Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы көлігі және су сорғыш құрылғысымен үй аулалары судан тазартылды.
Айта кету керек, кеше алтын күрек желі соғып, қалың қар еріп, кенеттен жауған жауын нәтижесінде су көтерілген болатын. Барлық ауыл округ әкімдіктерімен тұрақты байланыс орнатылған. Материалдық шығын орын алған жоқ. Қазіргі таңда су деңгейі түсіп, арық бойларымен, арналармен су ағып, жағдай тұрақталды" делінген.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ