Күміс жүлде – қоржында!

Ақпан 14 / 2018

Ғабит САПАРБЕКОВ,

«Оңтүстік Қазақстан».

   Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ҚР Кубогы жолындағы жарыс өтті. Жарысқа 12 облыспен Астана және Алматы қалаларынан 104 спортшы қатысты. Айтулы бәсекеде білікті бапкер Кәмила Көпбаева баптайтын Оңтүстік Қазақстан облысының тоғызқұмалақшылары екінші орынға ие болды.

 

   Әсіресе, облысымыздың қыздары өз тақталарында қарсылас шыдатпай, ортақ жеңіске ерекше үлес қосты. Атап айтсақ, Ә.Дәлиева, С. Сапарбекова және Л.Каримова барлық қарсыластарынан басым түсіп, жекелей есепте бірінші орынға ие болды. Тағы бір жаңалық, Ә. Дәлиева 2017 жылдың ең үздік тоғызқұмалақшысы атанды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медаль және диплом тапсырылды. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ