Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Гид болғыңыз келе ме?

Ақпан 14 / 2018

«ОҚО Туризм индустриясын дамыту» Ассоциациясы мен «TOUR LAB» оқу орталығы гид болғысы келетін азаматтарға үлкен мүмкіндік қарастырып отыр. Арнайы оқу курсын ашып, онда осы салаға қызығатын жандарды кәсіби тұрғыда даярламақ. Оқу мерзімі бір жарым айды құрайды. Осы уақыт ішінде жобаға қатысушылар тәжірибесі мол өлкетанушылар мен білікті мамандардан дәріс алып, әр аптаның сенбі күндері өңіріміздегі киелі орындарға саяхат жасайды.

 

Ассоциацияның мұндай игі бастамасына «Оңтүстік туризм орталығы» қолдау білдіріп, ғимаратын жалға бермек. Жобаға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.

-- Оқу курсын бітірушілерге сертификат беріледі. Бұл құжатпен олар осы салада еңбек ете алады. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасындағы гид қызметшілердің тізіміне енетін болады», -- дейді Ассоциация өкілі Гүлмира Ақбердиева.

Оқу курсы ақылы. 70 мың теңге. Өтініштер наурыз айының екісіне дейін қабылданады. Сондықтан, асығыңыздар!!! Тағы бір айта кетерлігі, бұл жоба туралы толығырақ ақпаратты «ОҚО Туризм индустриясын дамыту» Ассоциациясынан немесе 8701 780 05 55, 8701 354 53 50 ұялы телефон нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

Дилара БИМЕНОВА

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ