Қыздарымыз қарсылас шақ келтірмеді

Ақпан 14 / 2018

Ғабит САПАРБЕКОВ,

«Оңтүстік Қазақстан».

  Ақмола облысы, Щучинск қаласында баскетболдан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі аяқталды. Бұл сайыста Оңтүстік Қазақстан облысының баскетболшы қыздары тамаша нәтижеге қол жеткізді.

 

  Атап айтсақ, 2005-2006 жылғы спортшылар арасындағы сында ОҚО құрамасы финалда Астана командасын 21:15 есебімен жеңді. Ал, 2003-2004 жылы туған өрендеріміз финалда Қарағанды облысының баскетболшыларын 44:30 есебімен айқын жеңді. Сөйтіп, қос командамыз да бірінші орынға ие болды. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ