Созақтағы доп додасы

Ақпан 14 / 2018

Созақ ауылында  Астана қаласының 20 жылдығы, Созақ ауданының 90 жылдығына орай түрлі мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа қатысқан 10 команда, кім мықтыны анықтады.

 

    Алаңның әр бұрышында допқа таласып, жеңіске деген құштарлық танытқан командалар ойыны жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Тартысты өткен футбол жарысында 1-орынды «Ақниет» командасы жеңіп алса, 2-орынды «Армантай» балабақшасы иеленді. Ал, жүлделі үшінші орынға «Әкімшілік» командасы ие болды. Техникалық шеберлігі мығым, допты «жусатып өргізетін» бірнеше ойыншыға үздік футболшы атағы берілді. Мәселен,  қақпа торын қақырата гол соққан Аманбаев Мұхан, Үдербаев Нұрсұлтан, Қалмұратов Лесбек, Бәжібаев Абылай үздік шабуылшы атанды. Қарсы келген ойыншыларды тұсап ұстай білген Жұтамаев Бауыржан, Жалмаханбетов Нұрғиса, Сәңкібаев Жәнібек үздік қорғаушы деп танылса, қақпа торын күзеткен Шохабаев Бағлан пен Бейімбетов Ерлан үздік қақпашы ретінде құрметке бөленді.

         Мекеме қызметкерлері арасындағы салауатты өмір салтын насихаттайтын жарыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

         Мақсат Қарғабай 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ