Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

ОҚО-да: Ауыл мектептеріне қолдау көрсетілмек

Ақпан 14 / 2018

 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдық мерейтойына орай «Ауыл мектебін қолдайық!» атты тақырыпта республикалық акция жарияланған болатын. Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары шараға белсенді түрде қатысып, өңіріміздегі ауыл мектептеріне қолдау көрсетуді алдарына мақсат етіп отыр.

Жақында бір топ мұғалім Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында орналасқан Н. Тұрсынбеков атындағы негізгі орта мектепке барып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Сонда анықталғандай, мектеп ішінде балаларға арналған асхана мен әжетхана қарастырылмаған. 1970 жылы негізі қаланған «алтын ұяда» бүгінде 74 оқушы білім алуда. Оларға 20 мұғалім дәріс береді. Ал, мектепалды даярлық тобына 14 бүлдіршін барып жүр.

 

Бұйыртса, акция аясында бұл мектепте «Bookcrossing» жобасы бойынша кітап бұрышы ұйымдастырылып, оқушыларға 250 кітап сыйға тартылмақ.

 

Сонымен қатар, ғимараттың айнасын көгалдандырып, гүлдендіру және сынып бөлмелерін оқуға қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау жұмыстарын да жүргізу жоспарланған.

 

Дилара БИМЕНОВА

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ