Заң-заман 0 пікір 0 лайк

НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН ДЕП...

Ақпан 14 / 2018

Шымкент қаласында полицейлер бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Әл-Фараби ПБ-не оншақты қала тұрғындары бейтаныс әйелдің несие алып беруге көмектесемін деп қомақты ақшаларын алаяқтықпен алғаны туралы айтып арызданған. Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда полицейлер ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 40-тан астам жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 20 миллион теңгеден астам болып отыр. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Әл-Фараби ауданының аумағында жыл басынан бері полиция қызметкерлері алаяқтықтың 50 дерегін анықтаған. Негізінде банктен несие әперу мен оқуға түсіру, сондай-ақ, жұмысқа тұрғызу сияқты алаяқтық жайттары жиі кездеседі. Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға бейтаныс адамдармен тілдескенде аса мұқият болуға кеңес береді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ