Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қалай үйлену тойын жасап, банкроттыққа ұшырамауға болады?

Ақпан 14 / 2018

 

Соңғы жылдары жас қазақстандық жұптар жаңа дәстүрді әдетке айналдырды – көпшілігі 15 сәуір күні, яғни халық эпосы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кейіпкерлеріне арналған Ғашықтар күні некелесуді қалайды. Астана тұрғындары Әрсен және Бота, өздерінің некелесу күндерін осы романтикалық күніне белгіледі. Жастар өздері армандаған үйлену тойын қалай өткізу және оған қайдан ақша алуға болатындығы туралы өз кеңестерімен бөлісті.

 

1. Жоспарлау. Үйлену тойын 6-7 ай бұрын жоспарлай бастау қажет. Біз бұл үдерісті жарты жыл бұрын қолға алдық. Оқиғаның өтетін орнын, агенттікті, фотофотографтарды, ойын-сауық бағдарламасын ертерек брондай отырып қаражатты жақсы үнемдеуге болады. Егер сіз асабаның немесе мерекелер ұйымдастыратын агенттіктің қызметіне жүгінетін болсаңыз, міндетті түрде шарт жасасу қажет. Бұл сізге сапалы жұмысқа, міндеттердің өз уақытында орындалуына және шұғыл жағдайда ақшаны қайтарып алуға кепілдік береді.

2. Үйлену тойының бюджеті. Шынайы тиімді бағаларды қымбаттардан және күмәнді арзан бағалардан айыра білу үшін, ең алдымен біз үйлену той қызметтері нарығының бағаларына зерттеу жүргіздік. Содан кейін, басымдылығына қарай шығындар сметасын жасадық. Бұл үшін бізге оп-оңай ғаламтордан тауып алуға болатын, дайын үлгілер мен телефондағы қосымшалар көмектесті. Сметаға міндетті түрде күтпеген шығындарды қосуға кеңес береміз. Бұл біз үшін едәуір маңызды бөлім болды, және ақырында үйлену тойының бюджеті біздің жинаған қаражатымыздан анағұрлым жоғары болды. Бірақ біз ойластырған жоспарымыздан бас тартқымыз келмеді, және барлық тәуекелдерді бағалай отырып Банк ВТБ (Казахстан)-наң кредит алуға бел будық. 5 жылға дейінгі мерзімге 5 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақша алу мүмкіндігі біздің өмірімізді анағұрлым жеңілдетті. Кредиттің көмегімен біз тек қана мерекеге жұмсалатын шығынның көп бөлігін төлеп қана қоймай, сонымен бірге үйлену тойына арналған жолдама да сатып алдық. Бақытымызға орай, біз несиені тез арада және өте тиімді шарттарда алдық. Ендігі ойымыз, бірінші отбасылық кредитті қайтарғаннан кейін банкке ипотека алуға жүгінеміз деп шештік. Банк ВТБ (Казахстан)-ның кредиттеу бағдарламасы туралы толық ақпаратты, 5050 нөміріне ұялы телефоннан тегін қоңырау шалу арқылы білуге болады

3. Көйлек/костюм таңдау кезіндегі балама таңдау. Банкті таңдауда біздің жолымыз болды, ал көйлек таңдауда біраз қиындыққа тап болдық. Үйлену көйлегін және киімдерді таңдауды, тек үйлену тойын өткізу орны мен тұжырымдамасын белгілегеннен кейін ғана таңдауға кеңес береміз, себебі барлығы үйлесімді болуы тиіс. Барлығының танымал дизайнерлердің көйлектерін сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан көйлекті жалға алсаңыз жақсы үнемдеуге болады. Біз дәл осылай жасадық.

4. Үнемдеуге болмайтын жалғыз нәрсе - бұл, фотографтар мен видеооператорлардың қызметі. Біз көп мамандардың портфолиоларын қарап шығып, ең лайықты дегендерін таңдадық. Видео және фототүсірілім бойынша өз ісінің кәсіби шеберлері үйлену той ролигіне сиқыр қосуға қабілеті бар, себебі әдемі естеліктер кез келген ауа райында әрқашан жаныңды жылытады.

Және әрине ең басты кеңес – барлық ұсақ түйектерді бірге талқылаңыздар және әрдайым ортақ мәмілеге келуге тырысыңыздар, себебі бұл отбасылық бақыттың ең басты құрауышы, үйлену тойына дайындалу кезінен осыны жүзеге асыруды бастауға болады! 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ