Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖАЗАЛАНДЫ

Ақпан 13 / 2018

ОҚО-да «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік ережесін бұзған 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды,деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Өңірде жыл басынан бері ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Автобус» жүргізушілер арасында көлік қозғалысы тәртібін арттыруға бағытталған жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын болдырмау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері жол-жүру ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты  1695 құқықбұзушылық анықталған.  Оның ішінде қоршаған ортаны бұзу бойынша 36, ұялы байланыс құралдарын пайдаланған 403, бұрылу ережесін бұзған 126, жылдамдықты асырған 52 және жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 48 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында техникалық байқаудан өтпеген 155, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаған 22, көлік құралын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тіркемеген 59 жүргізуші және жолаушылар мен багажды тұрақты емес автокөлікпен тасымалдауға келісімшарты болмаған 13, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 29 жүргізуші анықталды. Тәртіп сақшылары жол-көлік ережесін бұзған 4 автокөлікті айып тұрағына жеткізді. Одан бөлек, автобус парктерінің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тасымалдау және сертификаттарды тоқтату туралы 5 келісімшарт бұзылды.

«Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасына ОҚО ІІД ЖПҚ-нің және басқа да құрылымдардан мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Рейдтік шара   18 ақпанға дейін созылады. Тәртіп сақшылары рейдтік, профилактикалық іс-шара кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда. ОҚО-ның полицейлері тағы да еске салады жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау қажеттілігіне барлық жол пайдаланушыларға жол беріп, жүргізушілерді жол ережелерін ұқыпты және қатаң сақтауға шақырады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ