Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ҰРЫ АЛЫСТАН КЕЛМЕПТІ...

Ақпан 13 / 2018

Ордабасы АІІБ-нің қызметкерлері аудан аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді,-деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

 Биыл қаңтар айында полиция бөліміне қарт әйел арызданған.  Ол белгісіз тұлғалар үйінің ауласынан қойын ұрлап кеткенінін айтып арызданған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 18-20 жастағы Шымкент қаласының төрт тұрғынын ұстады. Жас жігіттер тек мал ұрлығымен ғана айналыспай, соңғы айларда металл және аккумулятор ұрлықтарымен де айналысқан. Мысалы, 3 қаңтарда Шұбарсу елді мекенінде жергілікті тұрғынның автокөлігінің аккумуляторын ұрлап, белгісіз бағытқа жасырынған. Қазіргі таңда күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың 10 жайтына қатысы бары анықталды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыс тұрғындарына өз мүліктерін қорғау бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді. Мал иелеріне өздерінің шаруашылықтарына сенімді құлыптар мен жақсы жарықтандырумен қамтамасыз етуі тиіс Сондай-ақ аулаларды күзет дабылымен жабдықтауы керек. Автокөлік иелері де мұқият болып, автокөлікті қараусыз қалдырмаулары керек. Мүмкіндігінше оларды күзетілетін автотұраққа қойыңыз, құнды заттар мен ақшаларды қауіпсіз жерге сақтаңыз. Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне немесе полицияға дереу хабар беріңіз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ