Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Шетелдiктер Шымкентте бүйрек алмастырды!

Ақпан 13 / 2018

 

Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Иә, осыдан бір апта бұрын Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында алғаш рет Израиль тұрғыны (Германия азаматы) мен оның доноры Украина азаматына біздің трансплантолог дәрігерлер ота жасап, бүйрек алмастырды. Операция сәтті жүзеге асты. Екеуінің де денсаулығы бірқалыпты. Донор ауруханадан шығып, еліне аттанған. Ал, реципиент күрделі отадан кейін стационарлық  ем қабылдауда. Санаулы күннен соң шығып та қалады. Бұл өңіріміздегі медициналық туризмді дамыту бағытындағы алғашқы қадам секілді.

 

Аталмыш ауруханада жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Оның үстіне бірегей препараттар мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар. Сервистік палаталары да ыңғайлы. Бағасы қолжетімді. Бұл шетелдіктерді де қызықтырып отыр. Мәселен, Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен 60-70 мың долларды құрайды. Бас дәрігер М.Биғалиевтің айтуынша, шетелдік азамат осы күрделі операция үшін 4,5 млн. теңге төлеген. Мұнан кейін Румыния, Болгария мемлекеттерінен науқастар ағза ауыстыру кезегінде тұр. Сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден де өтінім берушілер бар. Ал, Қазақстан азаматтарына ота тегін жасалады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ