Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Жаңғырудан – жарқын болашаққа

Ақпан 13 / 2018

 

Білім саласына жанашырлық басым

Айгүл КЕРІМБАЕВА, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

– Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өңіріміздің білім саласына ерекше назар аударғаны көңіл қуантады. Бәлкім бұрын осы саланы басқарған министр ретінде де  жанашырлығы басым болар. Біздің өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес  оқушыларға заманауи білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, мұғалімдердің жаңартылған білім беру жүйесіне сай біліктілігін арттыру мәселесі уақыт өткен сайын жанданып келеді.  Жыл сайын салынып жатқан мектептер мен балабақшаларды айтпағанда, мұғалімдерді шетелдік озық тәжірибелермен таныстыру  ісі  жақсы  жолға  қойылып отыр.

 

Облысымыздың бір топ дәрігері, мұғалімдері, өнер адамдары Түркияның озық іс-тәжірибесімен танысып қайтты.  Біздің мектебімізден осы сапарға Гүлфара Бегжанова әріптесіміздің іріктеліп алынғаны үлкен мәртебе болды. Білімі мен тәжірибесін ұштап қайтқан ол ондағы озық жетістіктерді бізбен бөлісіп, оқушыларға сабақ беруде жаңа үлгілерді қолға алдық. Бұл Елбасы айтқандай, шетелдік озық тәжірибелерді үйреніп, ұстаз біліктілігін арттыруға жол ашқан жақсы мүмкіндік болды.

 

Өмірдің мәні - еңбекте

Нұрғали СЕЙІЛБЕКОВ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і қалалық электр желісінің Еңбекші учаскесінің бастығы:

– «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған  облыс  әкімі  Ж.Түймебаевтың  жыл  есебі   алдындағы   тезистерімен танысып шықтым. Өңірдегі барлық сала толықтай қамтылған екен. Жеткен жетістіктеріміз аз емес. Соның ішінде электр қуатымен елді мекендерді қамту 2016 жылдың қорытындысында 74,6 пайызды құраса, былтыр қосымша 85 елді мекен қамтылыпты. Яғни сапалы электр қуатына қосылған елді мекендер саны 715-ке немесе өңірдегі жалпы қамту деңгейі 84,7 пайызға жеткен. Бұл өңіріміздің энергетика саласындағы ілгерілеушілікті байқатады.

Өзім «2017 жылдың үздік энергетигі» марапатына ие болып, облыс әкімінің қолынан Алғыс хат алғаныма қуаныштымын. Ел экономикасын еселеп арттыру жолында алдағы уақытта да тынымсыз еңбек ете бермекпін. Мұратқа жеткізетін, өмірді сәнді де салтанатты, мәнді де мағыналы ететін – еңбек. Себебі, әр адамға бақ-дәулет, ырыс-несібе еңбек арқылы келеді.

Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ