Руханият 0 пікір 0 лайк

Бас жүлде – Нұрғалида

Ақпан 13 / 2018

 

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Жас айтыскер Әнапия Нұрғали Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұланымын» атты байқауда 14 ақын өнер  жарыстырды.

 

Алты  жасынан бастап айтыстың айналасында жүрген Нұрғали алғашқы айналымда аталмыш Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Бек Шматпен, ал, ақтық кезеңде ақтөбелік Әлихан Жақсылықпен бәсекеге түсті. Еліміздің ширек ғасырда жүріп өткен жолы мен жарқын болашағын, ордалы оқу орнының жетістіктерін жырға қосқан жас өнерпаз тапқырлығымен, ойын көркем жеткізе білуімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасынан жоғары баға алды.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің екінші курсында білім алып жатқан жас талант Нұрғалиға «жеңіс жеңіске ұлассын!» демекпіз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ