Шымкенттiктер топ жарды

Ақпан 13 / 2018

 

Жуырда Сайрам ауданы Ақсукент елді мекенінде джиу-джитсуден жасөспірімдер арасында облыстың ашық біріншілігі өтті. Сайысты ОҚО джиу-джитсу федерациясы мен Сайрам аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында Шымкент қаласындағы №11 шығыс жекпе-жек түрлері спорт мектебінің директоры Д.Исабаев, спорт меценаттары А.Өтепов пен Қ.Оспанов құттықтау сөз сөйледі.

 

Ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс нәтижесінде бірінші орынды Шымкент қаласының өрендері жеңіп алды. Екінші орынды Төлеби командасы еншілесе, үшінші орынды Сайрам ауданының сайыпқырандары олжалады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медаль тапсырылды.

Ғабит САПАРБЕКОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ