Заң-заман 0 пікір 0 лайк

БІР ҮЙЛІ ЖАНДЫ ҚЫРҒАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Ақпан 12 / 2018

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш кісі өліміне қатысы бар күдіктіні Тараз қаласынан ұстады,-деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 8 ақпанында жеке үйлердің бірінен мәйіттердің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін анықтады, 50-55 жас шамасындағы әйел және 22 және 13 жастағы екі жас баланың мәйіті болып шықты. Аталған жайт СДТБТ-не тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізіп, нәтижесінде қылмыскер Тараз қаласынан ұсталды. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ