Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ПӘТЕР ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Ақпан 12 / 2018

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері техникалық заттар мен басқа да бағалы заттарды ұрлауды кәсіп еткен үш үй ұрысын ұстады. Полиция бөліміне ақпан айының басында жәбірленушілердің бірі белгісіз біреулер теледидары мен ақшасын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында үш күдікті ұсталды. Олар Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты,-деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктілердің екі миллион теңгеден астам бөтеннің мүлкін ұрлаудың 20 жайтына қатысы бары анықталды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрылар жымысқы әрекеттерін үй иелері жоқ кезде ашық қалған есік немесе терезе арқылы кіріп отырған. Тәртіп сақшылары пәтер ұрлықшыларының құрбаны болмау үшін, тұрғындарға сақ болуын ескертеді. өзінің мүлкіне мұқият болу, пәтердің есік-терезесін ашық қалдырмау, үйдің терезелеріне қорғаныш торлар мен дабыл қондырғыларын орнату секілді сақтық шаралары арампиғылдыларды ұстауға септігін тигізетінін ескертеді. Шымкент қаласының полицейлері алдын алу шараларының қабылдануы облыс тұрғындарына ұрлық жайты орын алғанда жағымсыз жағдайлардан аулақ болуына және үйлерін қорғауға көмектеседі деп үміттенеді. Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне немесе полицияға дереу хабар беріңіз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ