ЮЛИЯНЫҢ ҚОЛАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ 12-ОРЫНҒА ШЫҒАРДЫ

Ақпан 12 / 2018

Ғабит САПАРБЕКОВ,

«Оңтүстік Қазақстан».

    Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Әйелдер арасында фристайл-могул спортынан сынға түскен Юлия Галышева финалда 77,40 балл жинап, қола медальға ие болды. Бұл бәсекеде бірінші орынды франциялық Перрин Лаффон еншілесе, екінші орынды канадалық Жюстин Дифур-Лапуант жеңіп алды.

 

   Юлия бұған дейін қысқы Азиада мен Универсиадада бірнеше рет чемпион атанған. Сонымен қатар, әлем чемпионатының күміс медаль иегері әрі әлем кубоктарының сан дүркін жүлдегері. 25 жастағы спортшы Өскеменде дүниеге келген. Сочи Олимпиадасында жетінші орынға тұрақтаған ол араға 4 жыл салып, қола медальға қол жеткізіп отыр. Әзірше, Галышевадан өзге спортшыларымыз жүлдеге жақындай алар емес. 12 ақпандағы көрсеткіш бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 1 қола медальмен 12-орында тұр. Ал, бірінші орында 3 алтын және 1 қола медалі бар Германия құрамасы келе жатыр. 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ