XXIII қысқы Олимпиада жалауы желбiредi

Ақпан 10 / 2018

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

 

Кеше Оңтүстік Кореяның Пхен­чхань қаласында қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Еліміздің көк туын алып шығу мәртебесі шорт-трек шебері Абзал Әжіға­лиевке сеніп тап­сырылды. Дүбірлі бәсекеге Қазақ­станның спортшылары 57 жолдама же­ңіп алса, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы аттанды.

Жұмыр жер мықтылары бақ сынайтын додаға жолдама алған 46 спортшымыздың бірнешеуі жарысты бастап та үлгерді. Мәселен, фристайл могул спортынан Дмитрий Рейхерд сенімді ақтап, іріктеу кезеңінде 81,23 ұпаймен үшінші орынмен финалға шықты. Оның әріптесі Павел Колмаков та ақтық сынға жолдама алды. Сонымен қатар, фристайл могулден әйелдер арасында Юлия Галышева да финалға іркілмей шықты. Отандастарымызға табыс тілейміз!

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ