Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Шымкент: Балабақшада ашық есік күні өтті

Ақпан 08 / 2018

 

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте балабақша төлемақысы қымбаттады. Оның себебін сала мамандары азық-түлік бағасының артуымен байланыстырған болатын. Күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын мөлшерінің тамақтану сапасына сай екеніне ата-аналардың көзін жеткізу мақсатында "Нұрсәт" шағынауданындағы №5 балабақшада «ашық есік» күні өтті.

 

Оған балабақша ата-аналары қатысып, мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі балалар тағамдарын, оның сапасы мен санитарлық талаптарға сай келуімен танысты. Бөбекжайдағы ас қоймасы мен асханашылардың жұмысымен де жіті танысты. Күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын мөлшерінің көбеюіне, тамақтану сапасының сай екендігіне осылайша ата-аналар өздері көз жеткізді. Іс-шарадан кейін ата-аналар балабақша меңгерушісі Назира Жүнісәлиеваға дән ризалықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Ата-аналарды әсіресе, кез-келген уақытта балабақшаға келіп, тағам сапасымен, балалардың тамақтану барысымен таныса алатындығы қуантты. Сондай-ақ, балғындардың бір күндік оқу-тәрбие процесімен танысуға да кез-келген уақытта есік ашық! Тамақтану бағасының артуына сәйкес бұл шараның жариялы түрде жүзеге асуына барынша мүмкіндік жасап отырған қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваға балабақша ата-аналары ризалықтарын білдіреді!

 

Лаура ТАСТАНБЕКОВА

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ