«Сақталушы еді сыбаға»

Ақпан 06 / 2018

 

Халқымыздың ұмыт бола бастаған «Сыбаға» дәстүрін жаңғырту мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Отырар ауданы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе отырып, аудан тұрғындары арасында «Сақталушы еді сыбаға...» этно-танымдық шара ұйымдастырды.

Шара барысында Отырар ауданы тұрғындары «Сыбаға сақтау» салты туралы көрініс көрсетіп, соғым сойып мүшелеу, ет осу, сүрлеу тәртібі жайлы баяндады. Сонымен қатар, ет және сүт өнімдерінен сақталған сыбағалар (құрт, қарынға салынған май, ірімшік, сүмесүт, т.б) мен дәнді дақылдардан (тары, бидай, сұлы, жүгері және күріш, т.б) дайындалған сыбаға түрлерінің жасалу жолдары жайлы жан-жақты мағлұмат берілді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ