Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Бірнеше өрт орын алды

Қаңтар 29 / 2018

 

Аязды күндері төтенше жағдайлар да болмай қалмады. 25 қаңтар күні Кентау қаласы Төлеби көшесіндегі көпқабатты №51 тұрғын үйдің 5 қабатындағы пәтерден шыққан өрт жайлы газетіміздің okg.kz сайтында сол күні ақпарат жарияланған болатын.   Өрттің шығу себептерін анықтаған Кентау қаласы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «Өрт жас балалардың сіріңке ойнауынан шыққан» - дейді.

 

«Өртті 8 маман 12 минутта сөндірді. Сонымен бірге жалын ішінен 11 жасөспірім, 6 ересек адам құтарылды. Одан бөлек тұрғын үйден 20 адам эвакуациялаған. Адам шығыны жоқ.

Айта кету керек, өрт болып жатқанда аңтарылып қарап тұрмай, Кентау көпсалалы колледжінің ұстазы Алмас Сұлтанбеков жанып жатқан пәтерге елден бұрын кіріп, үш баланы және анасын сыртқа алып шыққан.

Дәл осындай өрт 28 қаңтарда күндізгі сағат 14:00 шамасында Шымкент қаласы Т.Рысқұлов даңғылының бойында орналасқан "Алтын ана" тойханасында да орын алды. Тойханамен іргелес құрылыс материалдары дүкені де отқа оранып жанып кетті.  

Еңбекші аудандық ІІБ жедел әрекет етіп, 17 шағынаудандағы №1, 2 және 18 шағынаудандағы N3 көпқабатты үйлердің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіріп үлгерді. Әр үйде 90 пәтер барын есепке алсақ, шамамен 550 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Сонымен қатар, өрт шыққан аумақта орналасқан 5 дүкен, 1 кафе, 2 дәріхана, 1 ломбард пен 1 мекеме қызметкерлері мен тұтынушылары эвакуацияланған.

Төтенше жағдайдың орын алғандығы туралы ақпарат өрт сөндірушілерге күндізгі сағат 15.13 минутта түскен. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, жалынды ауыздықтап үлгергенімен, тез жанатын материалдар салдарынан өрттің аумағы әжептеуір болған.

Шымкент қалалық әкімдігі ұйымдастырған тәулік бойғы кезекшілік төрт ауданда әлі де өз жұмысын жалғастыруда. Жазатайым апатты жағдай орын ала қалған жағдайда тұрғындар төменде көрсетілген телефондарға хабарласуына болады:

Абай ауданы әкімдігі: 56-25-75;

Әл-Фараби ауданы әкімдігі: 54-58-46;

Еңбекші ауданы әкімдігі: 43-31-98;

Қаратау ауданы әкімдігі: 42-10-20;

Шымкент қаласы әкімдігі: 53-00-15.

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ