ЭКСПО-2017 0 пікір 0 лайк

ЕРIКТI ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қыркүйек 22 / 2017

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесiнде Оңтүстiк Қазақстан облысынан 150 ерiктi қызмет көрсеткенi белгiлi. Сәрсенбi күнi облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбеков ерiктi жастарды қабылдап, сый-құрмет көрсеттi.

 

Шет тiлдерiн еркiн меңгерген талапты жастарымыз ЭКСПО–2017 көрмесiнде 10 бағыт бойынша қызмет көрсеттi. Атап айтсақ, қауiпсiздiк шаралары, мерекелiк жиындар, қоғаммен байланыс, аккредитация, билет тарату, хаттама, медицина, қалашықты аралату жұмыстарында аудармашы және гид болып қызмет атқарды. Өрендердiң 100-i Шымкенттен болса, Түркiстаннан – 37, Кентаудан – 8 және Мақтаарал ауданынан 5 ерiктi өздерiне жүктелген мiндеттi абыроймен атқарды.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбеков жастардың еңбегiн жоғары бағалап, оларды мемлекеттiң нағыз патриоттары деп атады. 150 ерiктi жасқа облыс әкiмi атынан Алғыс хат пен сыйлықтар тапсырды.

Ерiктiлер мектебiнiң жетекшiсi Ботагөз Iзтiлеу сенiм бiлдiрiп, ЭКСПО-ға баруға мүмкiндiк жасаған өңiр басшылығына алғысын айтты. Алдағы уақытта да бұл жастар халықаралық жиындарда ел имиджi үшiн қызмет етуге дайын екендiктерiн жеткiздi.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ